білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызыларық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 83-30-16
Есепші бөлімі:
+7(7283) 83-30-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру
05
сентябрь
2023

білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру

  Жетісу облысы білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі

Мектеп  жанындағы  шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі


БҰЙРЫҚ № 36 



   01.09.2023ж                                                                                                           Мұсабек ауылы


Мектепте білім алушылардың жекелеген 

санаттарына тегін және жеңілдетілген 

тамақтандыруды ұйымдастыру туралы


      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  24 сәуірдегі  №158 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2008 жылғы 25 қаңтардағы  №64 қаулысына   2022 жылғы 8 тамыздағы  №554  3 тармақ   4  бөліміне  «Жалпы білім беретін мектептердегі  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік  көрсетілетін қызмет стандарты негізінде 2023-2024 оқу жылында әлеуметтік аз қамтылған білім алушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 

БҰЙЫРАМЫН

1.1-11 сыныптар бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің   2020  жылғы 24   сәуірдегі №158 «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты негізінде  76 білім алушы тегін тамақпен қамтамасыз етілсін.

2. Тамақ өндірісінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, өнімдердің  және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуына мониторинг жүргізілсін.

 3. 2023  жылдың 01 қыркүйек айынан бастап әлеуметтік аз қамтылған білім алушылардың  тегін тамақпен қамтылуы аудандық білім бөліміне қарасты 19.01.2022  жылғы  №4   келісім шартына сәйкес «ИП Шалқыбаева» Шалқыбаева Жанарға міндеттелсін.

4. Перспективалық ас мәзірінің  және тағамдар ассортиментінің тізбесі аудандық   тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасымен бекітіліп, ауыз су, дайын тағам өнімдер сапасының және мектеп асханасындағы II ауысымдағы оқушылардың тамақтануы кезіндегі санитарлық ережелерін сақталуын және асқазан, бауыр және басқа маңызды органдардың күрделі ауруына алып келетін коммерциялық сусындарды, тез дайындалатын тамақтарды (гамбургер, хот-дог, чипсы, сағыздар және т.б) сатуға тыйым салынып, өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың (сертификат, ветеринарлық анықтамасы) болуын қадағалау, тегін тамақтың сапасын, санитарлық гигиеналық талаптарын бақылау мектеп аяжаны Ә.Ускенбаеваға міндеттелсін.

5.Оқушылардың тамаққа уақытылы баруы күнделікті тіркеліп, дәлелді себептермен сабақта болмаған жағдайда сынып жетекшілерінің ескертуін  және сынып жетекшілерінің ай сайынғы мәлімет өткізуін  қадағалау мектеп әлеуметтік педагогы Ж.Кежимбаева жүктелсін.

6. Тегін тамаққа тізімге алынған білім алушылардың уақытылы тамаққа баруын қадағалап, оқушылардың толық баруын қамтамасыз ету сынып жетекшілеріне тапсырылсын.

7.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы  25 қаңтардағы  №64 қаулысына және 2015 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрықтың  10 қосымшасына сәйкес оқушылардың құжатын ата-аналардан қабылдап, тізімін жасау мектеп әлеуметтік педагогы Ж.Кежимбаева  және бақылау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Азимбаеваға тапсырылсын.

8.   Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.


Мектеп директоры   С.Сандыбаева



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив