Мәңгілік ел құндылықтары: тарих, мәдениет және тілдің тұтастығы » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызыларық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 83-30-16
Есепші бөлімі:
+7(7283) 83-30-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәңгілік ел құндылықтары: тарих, мәдениет және тілдің тұтастығы
03
февраль
2024

Мәңгілік ел құндылықтары: тарих, мәдениет және тілдің тұтастығы

МЖШО бар Қызыларық орта мектебі бойынша 2023-2024 оқу жылындағы қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің 20-24 қараша аралығындағы «Мәңгілік ел құндылықтары: тарих, мәдениет және тілдің тұтастығы» атты пән апталығы өтті. 

Апталықтың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, сабақта алған білімдерін дамыту. Осы мақсатты негізге ала отырып, 20-24 қараша аралығына тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын, орыс тілі және психологтің тренингтері мен ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланып, бекітілді. Жоспарға сәйкес 20 қараша күні апталықтың ашылу салтанаты өтіп, оқушылар мен ұстаздар апталық жоспармен таныстырылып, «Тіл, Отан» тақырыптарында орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жыр шашуларын арнады.   

Жоспарланған іс-шараның басын мектеп ұжымы мен оқушыларына педагог-психолог Н.Куренкеева «Жақсы көңіл-күй жанға қуат» психологиялық тренингпен ұйымдастырды. Әр түске байланысты сын-сыйпатын анықтап, ұстаздар мен оқушылардың оң бағасын алды.

21 қараша қазақ тілі мен әдебиетә пәнінің мұғалімі Г.Кельменбетова 7 «ә» сыныбы қазақ әдебиеті пәнінен «Зар заман – тар заман» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта топқа бөлу әдісі пайдаланып, ұтымды тәсілдер арқылы ұйымдастырған. Кейіпкер образына кіру, өзекті сұрақтар, жатқа айту сынды ұстаз шеберлігін танытатын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды. Сабақ кері байланыс арқылы жоғары бағаланды. 21 қараша 6-сынып қазақстан тарихы бойынша «Қазақ хандығы» тақырыбында К.Қазтай ашық сабақ өткізді. «ZipGrade», «Иә, жоқ», карта ұтымды пайдаланды. Сабақ мақсатына жетіп, сабақтың құрылымы дүрыс жасаған. Тек уақытты дұрыс игермей қалды деген пікір алды. 22 қараша 5-сынып оқушыларымен «Frendship2» Достық тақырыбында жас маман А.Боранбаева ашық сабақ өткізді.

Сабақта https://wordart.com/https://wheelofnames.com/ru/ платформаларын пайдаланды. Дәптермен және оқулықпен жұмыс орындалды. Сергіту сәтінде балалар карта ойынын ойнады. Мұғалім сабақ мақсатын орындаған. ҚМЖ негізгі бұйрыққа сай еместігі анықталды. Олқылықтар жойылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 22 қараша жоспарға сәйкес, 5-сынып қазақ тілі пәнінен «Өсімдіктер әлемі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта https://wheelofnames.com/ платформасы, «Иә, жоқ», https://www.google.kz/ іздеу парақшасы арқылы сабақ мақсатына жетті. Оқушыларды бағалап, кері байланыс алынды. 

22 қараша 7 «а» сыныбында “My Amazing Travelling” тақырыбында Д. Жанысбаев өткізді. https://wordart.com/https://wheelofnames.com/ru/ платформаларын пайдаланып, жүйелі, қызықта сабақ өткізді. Сергіту сәтінде оқушыларға «Домино» ойынын ойнатып, кері байланыс алды. 

23 қараша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Есмурзанова «Вершина казахской литературы» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақта «Шәй ішейік» әдісін, «Кинотаспа», «сұрақ-жауап» әдістерін пайдаланды. Оқушылар 3 топқа бөлініп, әр топ өзіндік пікірлерін жеткізіп, белгілі және белгісіз ақпараттармен бөлісті. Сабақ өз мақсатына жетті. 24.11. 2023 ж. А.Иланова "Мой друг" тақырыбында 5 сыныпта ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты орындалып, құрылымына сай жүргізілді. 24.11. Н.Асылбеков 7 «ә» сыныбында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. https://wheelofnames.com/ «сұрақ-жауап», т.б. АКТ қолданылып, құрылымына сай өтті. 

      Апталық жоспарына сәйкес сыныптан тыс іс-шаралар да уақытылы өтіп, оқушылардың есінде қалатындай ұйымдастырылды. Көрініс, интеллектуалды ойындар, поэзия кештері жоғары деңгейде аталып өтілді. 27 қараша мектептің мәжіліс залында қорытынды кеш ұйымдастырылып, апталық қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар мен сыныптар мадақтау қағаздарымен, ағылшын тілі мұғалімінің марапаттайтын оқушыларына арналған бағалы сыйлықтарын табыстап, марапаттады. Қорытынды кеш 5 пәннің жыр шашуымен басталып, педагог-психолог Н.Куреңкеева ақ қағазбен көрермендерге «ОРКЕСТР» ойнатты. Зайып Балжан мен қос Еламанның орындауында «Анамнің тілі» әні, орыс тілі пәнінің мұғалімі Ж.Есмурзановамен 6-сынып оқушылары би билеп, бірлестік мұғалімдернің орындауында «Бірлестік» әнімен аяқталды. 












Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив