Бастауыш сынып бірлестігінің «Жаңаша білім-жаңа көзқарас» атты апталығы » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызыларық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 83-30-16
Есепші бөлімі:
+7(7283) 83-30-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бастауыш сынып бірлестігінің «Жаңаша білім-жаңа көзқарас» атты апталығы
20
январь
2023

Бастауыш сынып бірлестігінің «Жаңаша білім-жаңа көзқарас» атты апталығы

Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының   16-20  қаңтар  аралығында бастауыш сыныптар бірлестігінің «Жаңаша білім-жаңа көзқарас» тақырыбында апталық өтілді. 

Мақсаты: Оқытудың инновациялық технологиялары арқылы білім алушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді қалыптастыру.

Бірлестік бойынша 1-4 сыныптар аралығында 4 мұғалімнің сабақ өткізілуі жоспарланды. Жоспар алдын-ала мектеп директорымен  бекітілді. Әрбір бірлестік  жетекшілеріне жоспар таратылды. 

Бастауыш сынып апталығы 16 қаңтар күні апталықтың ашылуын өткізуден басталды. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысты. Салтанатты жиыннан кейін оқушылар пәндер саяхатына шықты. Мұнда балалар бастауыш сынып мұғалімі Тубекбаева А.С. басшылығымен математика, дүниетану, әдебиеттік оқу және қазақ тілі пәндерінде қонақта болып, әртүрлі қызықты тапсырмаларды орындап, ұпай жинады.

Былтырғы оқу жылындағы апталықтың қорытындысы мен ұсыныстары мұғалімдермен ескеріліп, сабақтар өз деңгейінде өткізілді. Атап айтсақ, «Білім негізі-бастауышта» дей келе, әр маман өз ісінің майталманы, хас шебері болуға лайық деп есептейміз. Сондықтан әр ұстаз көп ізденіп, шығармашылықпен еңбектенуі керектігін көрсете білді. Оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі белформалары: ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлерін тиімді пайдаланды.

Сабақтарға осы мектептің мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау жасап, ұсыныс –пікірлерін айтып бағалады.  Атап айтқанда, мұғалімдердің заман талабына сай ақпараттық технологияны пайдалану мақсатында интерактивті тақтамен өткізген сабақтары жоғары бағаланды. 

Апталықтың жабылуына бастауыш сыныптар арасында «Ұлы ұстаз – Ы.Алтынсарин» тақырыбында мәнерлеп оқудан сайыс өтілді. Әр сыныптың дайындаған өлеңдерін тамашалап, соңында апталыққа белсене қатысқан білім алушыларға  мадақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтар тапсырылды.

Оқу мен тәрбие егіз дегендей, апталықта ашық сабақтармен қатар өткен сайыс сабақтар да әр түрлі тақырыпты қамтыды. 

Апталық аясында өткізілген ашық сабақтар тақырыбына сай, мақсат-міндеттерді толық қамтып жоспарланған. Өткізілген сабақтар дер кезінде қатысушылармен талданып,  әр мұғалімнің өзіндік сабақтарының талдаулары тыңдалды. Әр сабақ берушіге ұсыныстар айтылды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Zhayk
1 февраля 2023 20:07
[quote][/quote]

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.
[/hide][/hide][/hide][/hide][/hide][/hide][/hide][/hide]