Тамақтандыруды ұйымдастыру туралы » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызыларық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 83-30-16
Есепші бөлімі:
+7(7283) 83-30-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сентябрь
2023

Тамақтандыруды ұйымдастыру туралы



Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің   2022 жылғы 26 қарашадағы №2 жарлығымен 77 бөліміндегі барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында: 2023-2024 оқу жылының басында 1- 4 сынып оқушыларының  тегін ыстық  тамақпен қамтылуын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

Жоспарлы түрде білім алушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. 1-4сынып оқушыларын  тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Оқушыларды тамақтандыру 2- ауысымда жүзеге асырылуда. Тамақтану кестесіне сәйкес сынып жетекшілер мен мектеп әкімшілігі кестеге сай асханада кезекшілік атқарады.

1-сыныпта 18 - оқушы

2-сыныпта  13 - оқушы

3-сыныпта  17 - оқушы

4-сыныпта 15 - оқушы

Жалпы:  63-оқушы

Тамақтану блогы түрі : Асхана

Отыратын орындар саны: 35 орын


  1. 4 сынып 33 оқушы жасалған кесте бойынша 1-ауысым

2- 3 сынып 30 оқушы жасалған кесте бойынша 2-ауысымда тамақтандыру жоспарға сай өтуде.

04.09.2023-бастап ИП«Шалқыбаева» Қ.Алтыбаеваға келісім бойынша міндеттелген.

Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды сақталған. Күн сайын ғимарат жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады.

Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде ҚТ бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Мектеп асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылған. Мектепте  әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.

Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Асханаға кіре берісте білім алушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар. 1- 4-сынып бойынша 63 оқушы, ЖББҚ есебінен 5-8 сынып арасынан 13 - оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған жалпы саны – 76 оқушы тамақтануда.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив