«Менің Отаным Қазақстан» » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызыларық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 83-30-16
Есепші бөлімі:
+7(7283) 83-30-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
ноябрь
2022

«Менің Отаным Қазақстан»

Оқушыларды отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, патриоттық сана сезімін оята отырып, патриоттық тәрбие беру мақсатында   21.11- 25.11.күні аралығында  «Айгөлек » шағын орталығы және  1- 11 сыныптар арсынсында «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 

Күншуақ» ересек тобында «Қазақстан туған жерім, туған елім! » ертеңгілігіұйымдастырылды.  Іс-шара ересек топтың бөлмесінде  болды. Мерекеге мектеп тарапынан мектеп директорының міндетін атқарушы О.Касенова, педагог-психолог Н.Куренкеева    және ата-аналар  қатысты. Сахнаға  Қазақстан Республикасының Гимні ,Туы ,Елтаңбасы   ілініп ,  мерекеге сай безендірілген. Кішкентай балапандарымыз да мерекеге сай  барлығы тудың түсіне сәйкес киініп , ән ұранмен ертеңгілікті ашты  . Мерекеде   балалар өздерінің елі, туған жері   туралы ән- билерін тақпақтарын айтты.   Келген қонақтар  және ата-аналар  өздерінің ризашылықтарын , рахметтерін айтты. 

htt

  Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында А.Иланова 6 «ә» оқушыларының қатысуымен «Менің Отаным -Қазақстан» атты тәрбие сағатын өткізді.



Қараша айының 23 күні 3 сынып білім алушыларымен  «Менің Отаным –Қазақстан!» атты сынып сағаты өтілді. Сынып сағатының жалпы мақсаты:Оқушыларға елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру. Білім алушыларға  сынып сағатында әр адамға өзінің туған жері, атамекені ыстық екені туралы айтылды. Әр оқушы өзінің Қазақстан жерінде дүниеге келгеніне мақтан ететіні жайлы Отан туралы өлеңдерінде айтып өтті. Сынып сағатының соңында білім алушылар бейбітшілік құсы көгершінге өздерінің жылы тілектерін жазды. 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив