2022 – 2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының талдауы » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызыларық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 83-30-16
Есепші бөлімі:
+7(7283) 83-30-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022 – 2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының талдауы
29
ноябрь
2022

2022 – 2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының талдауы

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі бойынша 2022 – 2023 оқу жылындағы  тәрбие жұмысының талдауы


Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебінде Білім күнін өткізу барысында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.

05.09-16.09.2022 күндері аралығында «Тіл - халық қазынасы» тақырыбында мектепішілік жоспар құрылды. Қыркүйектің 5 –і күні «Тіл – әр ұлттың ең ұлы анасы» атты тілдер апталығының ашылуы өтті. Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту. 

https://www.instagram.com/p/CieYYwyNC9x/?igshid=MDJmNzVkMjY=

14.09 күні «Туған тіл – ақыл – ой дамуының негізгі және барлық білімдердің қазынасы» атты тақырыпта мектеп оқушылары өлеңдерді жатқа айтты. 

https://www.instagram.com/p/CieVJpgtpQG/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Орыс тілі мен әдеьиеті пәнінің мұғалімдері А.Иланова мен Ж.Есмурзанованың ұйымдастыруымен «Ахмет Байтурсынов поэт, ученый, публицист.. 150 лет» атты танымдқ сабақ өтті. 

https://www.instagram.com/p/CifjgS2rvgO/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Курманова Г. 8 – сынып оқушыларымен «Тіл – рухани қазына» атты тірбие сағатын өткізді

https://www.instagram.com/p/Cij3MwILR1k/?igshid=MDJmNzVkMjY=

9 сынып оқушыларының қатысуымен «жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сынып сағаты өткізілді

https://www.instagram.com/p/CiwnIh5r75k/?igshid=MDJmNzVkMjY=

2022-2023 оқу жылына арналған арналған аудандық оқушылар   спартакиадасы  бағдарламасы аясында спорт ойындары түрлері бойынша жарыс өткізу туралы, күнтізбелік жоспар мен ережесі негізінде мектепішілік бұйрық шығарылып , «Мектеп лигасы» мектепішілік жарыстың жоспары құрылып , бекітілген. 2022 жылдың 21 қыркүйек күні жоспарлы түрде  «Мектеп лигасы» мектепішілік жарыстың ашылуы болып мектеп директоры м.о Касенова О.К білім алушыларды жылдағы өткізіліп отырған «Мектеп лигасы» мектепішілік жарыстың ашылуымен құттықтап, жарысқа қатысушыларға жеңіске жетулеріне тілек білдірді.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұман Ақжол «Мектеп лигасы» мектепішілік жарыстың жоспарымен таныстырып, футбол ойынының ережесімен, төрешілерімен таныстырып, мектеп бойынша 7 команда болып құрылып, жарысты бастап берді.

Жарысқа 63 бала қатысты . Жарыстың нәтижесі бойынша

1 орын -10 сынып

2орын -9 сынып

3 орын -7сынып иеленді.Жарыс соңында оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.

       https://www.instagram.com/p/Ci9WGK_NSlO/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Қыркүйек айының 28.09.2022 күні МЖШО бар Қызыларық орта мектебінде ұлағатты ұстаз Абдекеев Оралбек Жұманұлын еске алуға арналған әскери спорттық төртсайыс болып өтті. Жарысқа аудан мектептерінен 1 ұл,1 қыз баладан қатыстырылды. 

 Жарыс 5 кезең бойынша өтілді. 1. Мылтық ату, 2 автоматты бұзып, қайта жинстыру, 3 көрмеде тартылу, 4 дене көтеру,  5 қашықтыққа жүгіру.  Бес кезеңнен тұратын жарыста 1 орын Ж Егінбаев атындағы орта мектептің командасы, 2 орын  Н Алдабергенов атындағы орта мектептің командасы, 3 орын Б Құндақбаева атындағы орта мектеп құрама командалары иеленді.

Біздің мектептің 11 сынып оқушысы Нұртілеу Нұрай қыздар арасында 3 орын иеленді  . Жарыс соңында жеңімпаздарды аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және марқұмның отбасы тағайындаған заттай сыйлықтармен марапатталды.

1 – 11 сыныптардың қатысуымен «Қарттарым - қазынам» атты мерекелік іс – шара ұйымдастырылды.

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Бірінші құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорының міндетін  атқарушы Касенова  Оразгул Курмановнаға берілді.

Қарттар мересімен бастауыш сынып оқушылары тақпақтар айты. Мектеп оқушылары мектебіміздің қарт ұстаздарына және ата – әжелерге арнап мерекелік өлең жолдарын, ән мен билерін паш етсе 10 сынып оқушысы Қайрат Қастер домбырамен күй тарту етті. \

Келесі кезекте 8 – сынып оқушылары «Әке қадірі» атты көрініс қойды және 6 сынып оқушылары «Менің қос бәйтерегім» әнімен қорытындылады. 

https://www.instagram.com/p/CjilJFUNeOR/?igshid=MDJmNzVkMjY=

10 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Қарттарым - қазынам» атты іс – шара ұйымдастырылды. бұл іс – шарада тәрбие ісінің орынбасары Р.Азимбаева , педагог м- ұйымдастырушы С. Иманжанова және 10 «А» сынып оқушылары ауылымыздың тұрғыны Рахима әжейдің үйіне барып қарттар мерекесімен құттықтап қайтты. Балалар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп басына орамал тақты . Қарт   әжеміз өз кезегінде балаларға рахмет айтып батасн берді.

https://www.instagram.com/p/CjilJFUNeOR/?igshid=MDJmNzVkMjY 

6 қазан күні «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Жемқорлыққа қарсымыз» акциясы өткізілді.

https://www.instagram.com/p/CjaJ8BvLAaH/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Мектебімізде «Армысың – алтын күз!» атты  мерекесі 1-11 сыныптар арасында 7 кезеңнен тұратын жарыс түрінде өтті. жарыс соңында жеңіске жеткен сыныптар жүлделі орындармен және сертификаттармен марапатталып, Ханшайым мен Ханзада анықталды.

https://www.instagram.com/p/Cj0QHixte2Q/?igshid=MDJmNzVkMjY=

  7.11. 2022 күні «25 кітап, 25 ән» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  МЖШО бар Қызыларық орта мектебінде іс – шара жоспары бекітілді. Мектеп директоры С.У.Сандыбаевна 1-11 сынып оқушыларына бұл жоба жайлы түсіндіріп, мақсат-міндеттерін, қандай нәтижеге жететініміз жайлы толық түсіндірді. Бірінші күннен бастап мектеп дәлізінде

 ҚР Гимні орындалды. Іс-шара жоспары түсіндірілді.

Мақсаты: оқу мәртебесін, оқу белсенділігі және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды 

қалыптастыру,  мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін 

жаңғырту және жалпы мектеп оқушыларының интеллектуалды әлеуетін арттыру. 

Жобаның міндеттері: Ақпараттық ортада оқудың алға басуы үшін балаларға қолжетімді, пайдалы және қажетті әдебиеттер табу жағдайын жасауды қалыптастыру. Кітап мәдениеті, оқу құндылығы туралы пікірді қалыптастыру

25 кітап, 25 ән» жобасы ел болашағы - жастарды зиялы, зерек етіп тәрбиелеуге үлкен бағыт-бағдар берді. Бәсекелестік, көшбасшылық сезімдерін де шыңдайды. «25 кітап, 25 ән» жобасы бүгінгі қоғамның сұранысы – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды, ұлттық мұраны бойларына сіңіруге және сол арқылы оқушыларға жол көрсетуге бірден-бір себепші болады. Мектеп дәлізінде бүгінгі күні Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен"әні орындалды. 

 2022 жылдың қараша айынның 10 жұлдызындағы мектептегі ас мәзірін мектеп директоры С.Сандыбаевамен  бірге әлеуметтік педагог Ж.Кежимбаева оқушылардың бір уақыт тегін тамақпен қамтылуы мен санитарлық нормалардың сақталуын аса назар бөліп,тағамдардың ас мәзірі бойынша берілуін бақылау жүргізілуде

https://www.instagram.com/p/CkyWmsBrKnx/?igshid=YmMyMTA2M2Y

Мектебіміздің педагог – психологы Н.Куренкеева тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Өз құқығыңды білесің бе ?» атты 7-8 арасында сауалнама алды.

https://www.instagram.com/p/CkxrkCDrMCw/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

2022 жылғы 10 қараша айында "Азаматтық қорғаныс саласында жаттығулар мен машықтанулардың өткізілуі" жоспарына сәйкес "МЖШО бар Қызыларық орта мектебі"КММ сейсмомашықтану оқу жаттығуы өткізілді

https://www.instagram.com/p/Ck0fMRcrLqQ/?igshid=YmMyMTA2M2Y

Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебінде "Жүрек жылуы" атты тақырыпта ата-аналарға арналған тренинг өтті.

Мақсаты: Бала тәрбиесi дамуындағы басты рөл атқарушы -

отбасы. Сондықтан ата-ананың бала көңiлiн таба бiлуiне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір белiсу. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсiндiру.

Міндеті: ата-аналарды өздерiнiң балаларынын жан-дүниесiн тусiнуге шақыру.

 Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етiп дуниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Бүгiнгi тренингті педагог-психолог маманымыз Н.У.Куренкеева «Танысу» жаттығуын жасатты. Мектебiмiздiң директоры Сандыбаева Света Утеповна. Оқу iсiнiң жөнiндегi орынбасары Касенова Оразгуль Курмановна,тəрбие iсi жөнiндегi орынбасары Азимбаева Раушан Имангалиевна, ауылымыздың полиция инспекторы -Нұржанов А.Б. 

Одан кейін «Қызықты сұрақтар» ойыны ойнатылды. Шарды лақтыру арқылы жүзеге асты. Директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Азимбаева Раушан Имангалиевна темекінің зияны туралы таныстырылым көрсетті. Ата-аналар өз ойларымен бөлісті. Тренинг соңында оқушылар ата-аналарына арнап бірнеше əн орындап берді.

https://www.instagram.com/p/Ck0kIZwtJmY/?igshid=YmMyMTA2M2Y

Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебінде «25 кітап, 25 ән» жобасы өтуде. "Тамаша ән естісем, жақсы концерт көрсем, менің де шығармашылықпен айналысқым, өнерімді паш еткім келіп кетеді." Әлібек Дінішев айтпақшы, оқушыларымызды күнделікті əн айтқызып, тыңдатқызу арқылы біз оларды шығармашылықпен айналысуға жəне құндылықтарымызды бағалауға итермелейміз деген сенімдеміз. Бүгінгі күні «Сарыжайлау» әні орындалды.

https://www.instagram.com/reel/Ck04WTaAk_P/?igshid=YmMyMTA2M2Y 

Мектебімізде әр күн сайын патриоттық және дәстүрлі әндер орындалуда


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив