«Жас мамандар» апталығы » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызыларық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 83-30-16
Есепші бөлімі:
+7(7283) 83-30-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
февраль
2024

«Жас мамандар» апталығы

МЖШО бар Қызыларық орта мектебі бойынша 2023-2024 оқу жылындағы 29 қаңтар мен 2 ақпан аралығындағы «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» атты 

«Жас мамандар» апталығы  өтті 

      Апталықтың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, сабақта алған білімдерін дамыту. Осы мақсатты негізге ала отырып, 29 қаңтар мен 2 ақпан аралығына жас мамандардың ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланып, бекітілді. Жоспарға сәйкес 29 қаңтар  күні апталықтың ашылу салтанаты өтіп, оқушылар мен ұстаздар апталық жоспармен таныстырылып, апталықтың ашылуы өтті.


30.01 күні «Жас маман» апталығына орай 5 сыныпта ағылшын тілі пәнінен «Musical instruments/Past Simple Regular and Irregular Verbs» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ ұйымдастыру кезеңімен басталды.Сабақты қызықты әрі,көңілді бастау үшін балалар видеодағы іс-қимылдады қайталады.Үй жұмысы "Random WheeL" әдісі арқылы сұралды. Балалар екі топқа бөлініп тапсырмалар орындады

Сергіту сәті үшін әнді дұрыс/бұрыс етістіктермен толықтырып, караоке айтты.

"Take an umbrella" әдісі арқылы сабақты толықтай түсінгенін анықтау үшін әр-түрлі сұрақтар қойылып,жауаптар алынды. Кері байланыс үшін параққа сабақта не түсінді,не түсініксіз болды параққа жазды.


Оқушылар «нота» әдісімен бағаланады. Әр оқушы өзінің тапқан ноталарын санап, тақтаға музыкалық инструменттер суреті бар жерге салды.

01.02.24 жыл   математика пәнінің мұғалімі Рысбек Әлішер 5 сыныбы математика пәнінен «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта топқа бөлу әдісі пайдаланып, ұтымды тәсілдер арқылы ұйымдастырған. Сабақ кері байланыс арқылы бағаланды.Сабақта «Emaze» «Wordwell» платформалары қолданылды.   Сабақ мақсатына жетіп, сабақтың құрылымы дұрыс жасаған. Мұғалім сабақ мақсатын орындаған. Олқылықтар жойылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

1 ақпан химия пәнінің мұғалімі Оңалбек Б «Металдар мен бейметалдар» тақырыбында 8-сынып оқушылармен ашық сабақ өткізілді.Сбақта «Құпия сұрақ» әдісі, «Мозайка», ««Менің салған суретім» сергіту сәті, «сұрақ-жауап» әдістерін пайдаланды.Оқушылар 3 топқа бөлініп,әр топ өзіндік пікірлерімен бөлісіп, топтық және жұптық тапсырмалар орындалды.Сабақ өз мақсатына жетті.

Апталық жоспарына сәйкес сыныптан тыс іс-шаралар да уақытылы өтіп, оқушылардың есінде қалатындай ұйымдастырылды. Интеллектуалды ойындар, жайдарман ойындары жоғары деңгейде аталып өтілді.31 қаңтар күні мектептің мәжіліс залында «IQ бәиге» интеллектуалды ойыны өткізілді. Интеллектуалды ойын 5-10 сыныптар арлығында мектеп оқушылары өз комндаларын шығарып қатысты.










Қорытынды кеш 2 ақпан күні «Жайдарман» ойынымен аяқталды.Ойынға «Болашақ», «Позитив», «Интеллигент» командалары қатысты.Ойын барысында көңілге ұтымды,ұшқыр әзілдер айтылды.Әділ қазылар алқасына мектеп психолгі Н.Күренкеева, қазақ тілі мұғалімі Ж.Бейсенбинова, мектеп кітапханашысы әділ бағаларын берді. Жайдарман ойынында мектеп оқушыларының белсенділігі жоғары болды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив