28
сентябрь
2023
1-сынып оқушыларының бейімделуі
Психологиялық кеңес 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі
Ата-анаға баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы бойынша кеңес беру
- Баланы біртіндеп мектеп күн тәртібіне бейімделу керек.
- Бала мұғалімді дұрыс тыңдауы үшін оған беретін нұсқауларыңыз анық,аз сөзді,жылы лебізді,жайдарлы әрі жайлы болуы қажет. Баланы мектепте болатын қиындықтар мен қорқытпаңыз.
- Мектеп алдында әрі оқу кезінде баланың көру және есту сезгіштігін тексеріп отырыңыз.
- Оқуға дайындық: 6-7 жастағы бала әліппенің баспа әріптерінің барлығын білуі тиіс.Кейбір балалар буындап кейбір тұтас мәтінді де оқи алады.Балалардың дайындығы әр түрлі болғанымен барлық балалар оқу процесінен жылдам шаршайды.
Сабақты демалыспен кезектестіріңіз. Балаңыз айна алдында дыбыстарды нақты,дауыстап жекелеген дыбыстарды бөліп әрі созып айтуына мүмкіндік беріңіз.Бұл сөйлеу апаратын дамытады.